Отделения и банкоматы 5050

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл


Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты ҚР "ВТБ Банк" АҚ ЕҚ, оның қызметкерлері мен басшы қызметкерлерінің корпоративтік мәдениетті жетілдіру, корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін ұстану және Банктің мінсіз іскерлік беделін сақтау үшін ашық және адал бизнес жүргізудің жоғары этикалық стандарттарына адалдығын көрсетеді.


ҚР "ВТБ Банк" АҚ ЕҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі мақсаттары:

  • Банктің және Банк қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық қызметіне тартылу тәуекелін барынша азайту;

  • акционерлерде, инвестициялық қоғамдастықта, контрагенттерде, қызметкерлер мен басқа тұлғаларда Банктің сыбайлас жемқорлықты оның кез келген түрі мен көрінісінде қабылдамау саясатын біртұтас түсінуін қалыптастыру;

  • Банк қызметкерлерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қағидаттары мен талаптарын білу және сақтау міндеттерін белгілеу;

  • сыбайлас жемқорлық тәуекелінің пайда болуына, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалуына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою;

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында Банк ішіндегі өзара іс-қимылды нығайту.


Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу рәсімдері ҚР "ВТБ Банк" АҚ ЕҚ мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

ҚР "ВТБ Банк" АҚ ЕҚ барлық қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың талаптарын қатаң түрде сақтайды. Банктің барлық қызметкерлері үшін ағымдағы және жобалық қызметті жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықты оның кез келген түрі мен көрінісінде толық төзбеушілік қағидаты белгіленген.

ҚР "ВТБ Банк" АҚ ЕҚ өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту жөнінде мынадай жолмен шаралар қабылдайды:

  • шешім қабылдау рәсімдерінің есеп берушілігін, бақылануын және ашықтығын қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық тетіктерді белгілеу;

  • адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау; мүдделер қайшылығының алдын алу;

  • іскерлік этика нормаларын қабылдау және сақтау;

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі шаралар қабылдау;

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша басқа органдар мен ұйымдармен өзара іс-қимылы.

2. Сыбайлас жемқорлық қызметіне тартылу тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау

ҚР "ВТБ Банк" АҚ ЕҚ әзірленетін ішкі, басқару құжаттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу және ішкі бизнес-процестер мен рәсімдерді белгілеу кезінде, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен байланысты тәуекелді оқиғалар туралы мәліметтер жинау кезінде сыбайлас жемқорлық қызметіне тартылу тәуекелдерін анықтайды және барынша азайтады.

3. Контрагенттерді тексеру

ҚР "ВТБ Банк" АҚ ЕҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қағидаттары мен талаптарына және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасының нормаларына қайшы келетін әрекеттер жасау үшін контрагенттерді немесе басқа тұлғаларды тартпайды және пайдаланбайды.

4. Сыйлықтарды алу және сыйлау

Банк қызметкерлерінің Банк атынан басқа тұлғалар мен ұйымдарға ұсына алатын сыйлықтары мен өкілдік шығыстары, немесе қызметкерлердің өздерінің лауазымдық міндеттеріне байланысты басқа тұлғалар мен ұйымдардан ала алатын сыйлықтары мен өкілдік шығыстары қолданыстағы іскерлік айналымның әдеттеріне және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

ҚР "ВТБ Банк" АҚ ЕҚ мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік лауазымды тұлғалар, жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын тұлғалар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген тұлғалар және олардың жақын туыстары үшін (немесе олардың мүддесіне) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмейтін кез келген шығыстарды төлеуден бас тартады.

5. Қаржылық және техникалық бақылау

ҚР "ВТБ Банк" АҚ ЕҚ-де тұрақты түрде қаржы-шаруашылық қызметінің ішкі және сыртқы аудиті, бухгалтерлік есепте деректердің толық және дұрыс көрсетілуін бақылау және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Банктің ішкі құжаттарының талаптары сақталуын бақылау жүргізіледі.

6. Қызметкерлермен өзара іс-қимыл

Банк қызметкерлеріне тікелей немесе жанама түрде, жеке немесе үшінші тұлғалардың, жақын туыстардың делдалдығы арқылы сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысуға, пара ұсынуға, беруге, өкілеттіктерді теріс пайдалануға, әкімшілік және басқа рәсімдерді жеңілдету мақсатында немесе өзі және/немесе жақын туыстары, үшінші тұлғалар үшін ақша, құндылықтар, өзге де мүлік немесе қызметтер/мүліктік/мүліктік емес сипаттағы игіліктер, өзге де мүліктік құқықтар түрінде пайда алу мақсатында коммерциялық пара беруді жүзеге асыруға қатаң түрде тыйым салынады.

Банк өз қызметкерлерінен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, Этикалық кодексті сақтауды талап етеді. Банк қызметкерлерде сыбайлас жемқорлықты оның барлық түрлері мен көріністерінде қабылдамау көзқарасын, сондай-ақ мүдделер қайшылығының алдын алу және оны уақтылы шешу қажеттілігін түсінуді қалыптастырады.

Егер Сізге Банк қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілері, Банк қызметкерлері мен үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы іс-әрекеттері, алаяқтық туралы белгілі болса, Сіз Бас комплаенс-бақылаушыға хабарлама жібере аласыз. «Авторландырылған өтініш» және/немесе «Анонимді өтініш» нысандары Бас комплаенс-бақылаушының бетінде орналастырылған.